Кредитті заңсыз алған немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланғандар жауапкершіліктен құтылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кредитті заңсыз алған немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланғандар жауапкершіліктен құтылуы мүмкін

22.05.2024

Енді кредитті заңсыз алған немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланғандар мен бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғандар жауапкершіліктен құтылуы мүмкін. Қазір Мәжілістің жалпы отырысында «Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға» қатысты заң жобасына өзгерістер енгізу қарастырылып жатыр. Бұл туралы тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндайды. Нұрсұлтан, Мәжілістің отырысында тағы қандай заң жобалары талқыланып жатыр?

  Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысы әдеттегіден бір сағат ерте басталды. Өйткені талқыланатын заң жобасы көп. Қазір залда 89 депутат отыр. Олар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша», «Салық және бюджетке төленетін басқа төлемдер», «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Мараккеш келісімі», «Адам саудасы қарсы-іс қимыл» сынды 10-нан астам заң жобасына өзгертулер енгізу жағын қарастырып жатыр. Сондай-ақ, «Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға» қатысты заң жобасына да өзгертулер енгізілмек. Оған сәйкес кредитті заңсыж алған немесе бюджеттің кредииті мақсатсыз пайдаланғандар және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғандарға заңды тұлға ретінде тағылатын айыптар алынып тасталады. Осы және басқа да өзгеріске ұшырайтын заң жобалары туралы алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамыз.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу