Пәкістанда аптап ыстықтан мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда аптап ыстықтан мектептер жабылды

22.05.2024

Пәкістанда аптап ыстық. Ауа температурасы +40 градустан жоғарылаған. Елдің кейбір аудандары электр жарығынсыз отыр. Ал Пенджаб провинциясында күннің шыжуына байланысты мектептер жабылды. Мұнда 18 млн оқушы бір апта бойы сабаққа бармайды. Ал ауруханаларда ыстықтан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету орталықтары ашылып жатыр. Метеорологтардың мәліметінше, мұндай ауа райы 1 аптаға созылуы ықтимал.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу