Жамбыл облысында сауда үйі отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында сауда үйі отқа оранды

22.05.2024

 Жамбыл облысы Қордай ауылында сауда үйі отқа оранды. 500 шаршы метр аумақтың тең жартысына жуығы түгі қалмай жанып кетті. Қызыл жалын шарпыған нысанның басым бөлігі дәмхана болған. Алдымен асханада тұтанған от жапсарлас жатқан тұрмыстық тауарлар тұрған дүкендерді де шарпыған. Өршіген өрттен кейін 5 павильонның қаңқасы ғана қалған. Тұрғындардың айтуынша, өрт сөндірушілер кешігіп келген. Ал құтқарушылар хабарлама кезекші бөлімге жарты сағатқа кеш түскенін айтады. Қоңырау түсісімен оқиға орнына 6 минутта жеткен.

Алмас Жұматаев, Жамбыл облысы тжд басқарма басшысы:

Сағат 06:40 минутта толық сөндірілген. Өрт сөндіруші бөлімшелерінің қызметкерлерінің шұғыл және сауатты әрекеттерінің арқасында жақын тұрған ғимараттарға өрттің өтуіне жол берілмеген. Өрттің шығуы себебі мен материалдық шығыны қазіргі уақытта анықталуда. Оқиға орнына анықттаушы мен өрт-сынақ зертханасы жолданды.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу