Тегеранда Президент Раисимен қоштасу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда Президент Раисимен қоштасу рәсімі өтті

22.05.2024

Иран астанасы Тегеранда президент Ибрахим Раисимен және өзгелермен қоштасу рәсімі өтті. Оған сан мың адам жиналған. Ал кеше бүкіл елде алдағы бес күн қаралы деп жарияланды. Марқұмдарға бағышталған намазды жоғары жетекші - аятолла Әли Хаменей оқыды. Раисидің қазасына байланысты көңіл айту және құрмет көрсету шарасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов та қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, Раиси мен сыртқы істер министрі және тағы жеті адам жексенбі күні Әзербайжан шекарасының маңында тікұшақ апатынан қаза тапты. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранда президенттік сайлау маусымның 28-де өтеді.


Хабарламаларға жазылу