Қазақстан мен Қытай шекарасында дамбаны су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай шекарасында дамбаны су шайып кетті

22.05.2024

Қазақстан мен Қытай шекарасында дамбаны су шайып кетті. Әзірге ешқандай қауіп жоқ деп хабарлады Марқакөл ауданының әкімдігі. Дегенмен, Ертіс өзенінің деңгейі шекті межеден асты. Қазір 543 сантиметрге жетіп тұр. Соңғы үш тәулікте Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Буыршын өзені көтерілген. Ал Буыршын Қара Ертіске қосылады. Сондықтан өзен жағасындағы Боран ауылында сақтық шаралары күшейтілді. Елді мекен тұсындағы 60 метрлік бөгет нығайтылып жатыр. Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Үлкен Нарын аудандарынан қосымша техника мен адамдар жұмылдырылуда. «Қазгидромет» мамандары судың деңгейін әр 4 сағат сайын бақылап отыр. Мамандар қытайлық әріптестерімен үнемі байланыста отыр. Су басу қаупі бар Шығыс Қазақстан облысына Су ресурстары және ирригация министрі Нұрлан Нұржігітов бармақ.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу