Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың мүлкін бағалау жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады. Бұл жөнінде жергілікті штаб мәлімдеді.
Осы күнге дейін 100-ден аса тұрғынның жеке шотына қаражат аударылды. 357 адам өтемақы алу туралы келісімге қол қойды. Ал мыңнан аса үйдің сараптамасы дайын. Залалды бағалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құлсарылықтардың мүлкін бағалау жұмыстары апта соңына дейін аяқталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194115/)