Қостанай облысында 4 мыңнан астам отбасына біржолғы төлем берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 4 мыңнан астам отбасына біржолғы төлем берілді

23.05.2024

Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындардан біржолғы әлеуметтік төлем алуға 4,5 мыңнан аса өтініш түскен. Осы уақытқа дейін 4 мың 192 адамға өтемақы төленді. Оларға 369 мың 200 тенгеден материалдық көмек берілді. Өтініш әлі қабылданап жатыр. Комиссия тексеру кезінде кей тұрғындарға шығын келмегенін анықтады. Соған байланысты 300-ден астам өтініш бойынша материалдық көмек төленбейтін болды.

Максим Устинов, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш бергендердің кейбіреуінің үйіне су кірмеген. Мүліктері бүлінбеген. Саяжайды су шайып, бұзып кетті деп жалған ақпарат бергендер де болды. Барып қарағанда ол жерде ешқандай үй, құрылыс нысаны болмағандығы анықталды. Төлем әрбір өтініші бойынша тексеру жүргізілген соң шын мұқтаждарға ғана беріледі.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу