Батыс Қазақстанда саяжайдағы үйлерді бағалау жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда саяжайдағы үйлерді бағалау жалғасып жатыр

23.05.2024

Батыс Қазақстан облысында саяжайларда су сорылып, құрғаған аумақтарда тұрғын үйді бағалау жалғасып жатыр. Тасқын кезінде Орал қаласы мен Бәйтерек, Теректі, Бөрлі аудандарында 16 мыңға жуық саяжай учаскесіне су кірді. Баспаналарға 15 мекеме техникалық сараптама жасап, жетеуі бағалау жұмыстарын өткізіп жатыр. Бұл іске басқа облыстардан да жеке компаниялар тартылған. Әзірге тасқыннан залал келген 300 үй тексерілді.

Тоқтамыс Хамзин, Бағалаушы:

Бізге техобследование жасаған компаниялар тізім береді. Сол бойынша біз ремонтқа жарамды үйлерді аралап, бағалау жасаймыз. Оның ішінде үйді және бүлінген мүлікті бағалаймыз. Мына үйді бағаладық. Жақсы салынған үй. Тек есіктерді ауыстыру керек. 

2 639 тұрғынға үй беріледі

Қазір тек Оралдың өзінде 14,5 саяжай учаскесі суда тұр. Зардап шеккен саяжай тұрғындарынан 10 мыңға жуық өтініш түскен. Саяжайы жалғыз баспана деп танылған 2 639 тұрғынға жаңа үй беріледі.

Жандос Дүйсенғалиев, Қала әкімінің орынбасары:

Бірінші бұл - екінші нарық, яғни салынып жатқан үйлерден пәтерлер сатып алу. Екінші ұсынысымыз, екінші нарықтан алу. Үшіншіден, жаңа шағын аудандарда, жаңа көпқабатты үйлер салу. Осы үш бағыттың қалай қолданатынын нақты айта алмаймыз. Бірақ бәрін қолданамыз, немесе бір-екеуін деген сияқты.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу