Атырау облысы Махамбет ауданында су деңгейі 4 см-ге төмендеді. Бірақ қауіп әлі бар. Су кемеріне жеткен соң, бөгеттерді бұзып кетіп жатыр. Ауданға қарасты Алға ауылында Жайық өзені ернеуінен асып, тұрғын жайлардың іргесіне тірелді. Қазір бекітілген 3 жарым шақырым бөгет қосымша нығайтылып жатыр. Бұған 20 техника жұмылдырылып, ауыл тұрғындары да қолғабыс етуде.
Төлеуғали Жұмағалиев, Алға ауылының тұрғыны:
Жастардың бәрі күзетке жыл-жыл болып бөлініп тұрады. Жағаның бәрін бетондау керек қой енді. Содан кейін бізге жеңілдеу болады. Ана жар құлап жатыр.
Гүлнәр Нұрғожина, Алға ауылдық әкімдігінің бас маманы:
Бізде қазіргі қауіп енді мына Атырау-Индер трассасының бойында боп жатыр. Сол енді қаламен қатынас қиындап жатыр. Оны қалалық жол бөлімдері келіп жасап жатыр. Оған ауыл азаматтары да көмектесіп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында су деңгейі 4 см-ге төмендеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194133/)