АҚШ-тың Гринфильд қаласында торнадо соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Гринфильд қаласында торнадо соқты

23.05.2024

Жаһаннан бірер ақпарат. АҚШ-тың Айова штатының Гринфильд қаласында торнадо соқты. Төрт адам қаза тауып, 30 шақты тұрғын жараланды. Осы қаладан 40 шақырым жерде көлік аударылып, 46 жастағы азамат мерт болды. Біраз үй жермен-жексен болып, ағаштар құлап, көліктер зақымданды.

Ал Техас штатының Темпл қаласында, сұрапыл дауылдан мыңдаған адам жарықсыз қалып, мектептер уақытша жабылды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу