Алматы облысында Alatau City жобасы жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Alatau City жобасы жүзеге асырылады

23.05.2024

Президент Temasek Holdings компаниясының бас директорын қабылдады. Кездесуде «Самұрық-Қазына» қоры мен Temasek компаниясы арасында серіктестік орнату мүмкіндігі талқыланды.  Әрі қарай Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong компаниялар тобының бас директоры Шон Чаомен кездесті. Бұл компания Алматы облысында Alatau City жобасын жүзеге асырады. Оны әлемдік стандарттарға сай келетін жетекші халықаралық іскерлік хабқа айналдыру көзделген. Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның кешенді жоспарын әзірлегені үшін сингапурлық компанияға алғыс айтты.


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу