Бір жылда баға 6,3 пайызға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, күріш 19, жеміс-жидек 16, жұмыртқа 14, нан 10 және сүттің бағасы 9 пайызға көтерілген. Сонымен бірге дәрі-дәрмек 11 пайызға, жиһаз бен құрылыс материалдары 6-10 пайызға қымбаттады. Бағаның өсуі, әсіресе, Ұлытау, Алматы және Жетісу облыстарында байқалады. Сарапшылар мұны инфляцияның әсері деп отыр. Дегенмен ол жыл басынан бері 9,5 пайыздан 8,7 пайызға төмендеген.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде азық-түлік қымбаттап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194166/)