Талдыкөл ауылының кірме жолын су шайып кету қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдыкөл ауылының кірме жолын су шайып кету қаупі бар

23.05.2024

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының кірме жолын су шайып кету қаупі бар. Қазір жауапты мамандар топырақ төсеп, қосымша бөгетті нығайтып жатыр. Бұл жұмыстарға 80-ге жуық адам мен 5 техника жұмылдырылған. Бүгін Махамбет ауданындағы гидробекетте Жайықтың деңгейі 4 см-ге төмендеген.

Ерсін Мәжитов, облыстық ТЖД жұмылдыру тобының аға офицері :
Жел қарсы соғып, мына бөгеттердің жиектерін су шайған болатын. Оған дер кезінде ТЖД қызметкерлері мен сарбаз жұмылдырылып, таңға дейін жұмыс істеп, қапшықпен көтеру жұмыстарын жүргізді. Кіреберіс жолға техника бөлініп, топырақ көтерілуде. Енді қауіп бар кіре беріс жолды су шәйіп кетуінде.


Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу