2,5 миллион гектарға үйірлі шегіртке таралуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2,5 миллион гектарға үйірлі шегіртке таралуы мүмкін

23.05.2024

Тек, Оңтүстікте емес, биыл еліміздегі 2,5 миллион гектар алқапқа үйірлі шегіртке таралуы мүмкін. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 миллион гектарға көп. Мұндай болжамды Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі айтты. Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облысында жәндіктен келер қауіп жоғары - дейді. Үйірлі шегірткемен күресу үшін республикалық резервтен бөлінген қаржы көлемі артып, 8,1 млд теңге бөлінген.

Дархан Әбдікәрімов, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы:
Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін арнайы бүрку техникасының 427 бірлігі жұмылдырылады. Оның ішінле жерүсті желдеткіш, штангалық бүріккіштер, аэрозольді генераторы, жеңіл авиациялық тік ұшақтар мен ұшақтар бар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу