Ақмола облысында аудан әкімдігі заңсыз конкурс жариялаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында аудан әкімдігі заңсыз конкурс жариялаған

24.05.2024

Ақмола облысында аудан әкімдігі мемлекет меншігінде жоқ нысанды бюджет қаражатына жөндемек болған. Мұны облыстық прокуратура тексеріс барысында анықтады. Олардың мәліметінше, Біржан сал ауданының әкімдігі мемлекеттік сатып алулар бойынша 33 миллион теңгеден астам ақшаға заңсыз конкурс жариялаған. Осылайша ғимаратты қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлемек болған.

Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша аталған мемлекеттік сатып алу конкурсы жойылды. Сол арқылы Біржан сал ауданы прокуратурасының шараларымен 33 миллион теңгеден астам соммаға заңсыз сатып алудың алдын алынды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу