Бурабайда заңсыз жұмыс істеген кәсіпкерге қатысты тергеу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда заңсыз жұмыс істеген кәсіпкерге қатысты тергеу жүріп жатыр

24.05.2024

Бурабай курорттық аймағында ағашқа соғылып, қаза тапқан жасөспірімге велосипедті жалға берген кәсіпкер заңсыз жұмыс істеген. Бұл туралы облыстық Туризм басқармасы мәлімдеді. Олардың айтуынша, оның тиісті рұқсат құжаттары болмаған. Техникалық қауіпсіздік те, толық сақталмаған. Айта кетейік, 5 мамыр күні демалыс орнында велосипед теуіп жүрген 16 жастағы жасөспірім ағашқа соғылып, көз жұмған еді. Кейін қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Андрей Подгурский, облыстық Туризм басқармасының басшысы:

Қайғылы оқиғадан кейін біз қауіпсіздік шараларын одан әрі күшейтудеміз. Қауіпті аймақтарда арнайы белгілер қойып жатырмыз. Рейд жүргізіп, заңсыз жұмыс істеген кәсіпкерлерді анықтап, кейін олардың жұмысын тоқтатамыз. Сондай-ақ, курорттық аймақта қызмет көрсететіндердің барлық ережеге сай жұмыс істеуін бақылауда ұстаймыз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу