Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай күйшілер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай күйшілер байқауы өтті

24.05.2024

Астанада ақын, жазушы-драматург Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы мен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне арналған қалалық күйшілер байқауы өтті. Сазгер атындағы музейде өткен конкурсқа 18 бен 20 жас аралығындағы 23 күйші қатысты. Олар Дәулеткерей, Құрманғазы мен күйші Динаның шығармаларын орындады. Мүлтіксіз жоғары деңгейде өнер көрсеткен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен марапаттар бар. Мұражайдың басшысы Марат Әбсеметтің сөзінше, Сәкен Сейфуллин атындағы домбыра сайысы биыл алғаш рет өтіп жатыр. Енді жыл сайын өткізуді жоспарлап қойған.

Марат Әбсемет, С.Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың басшысы:

Бізде 50 шақты шара өтіп жатыр. Соның арасында қалалық мүшайра конкурсы домбырашылар арасында «Күй құдіреті» байқауын өткізіп жатырмыз. Қазіргі күнде 23 қатысушы бар.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу