Атырауда Соколок каналын тасқын су бұзып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Соколок каналын тасқын су бұзып кетті

24.05.2024

Атырау қаласында Соколок каналын тасқын су бұзып кетті. Жауапты мамандар барлық күшті сол жаққа жұмылдырды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Өр суының көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды. Негізінен бұл канал Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Соколок каналының ұзындығы 32 шақырымды құрайды. Су алғашқы қорғаныс бөгетін бұзып өтті. Бұл жерде қаланы нөпір судан қорғауға арналған тағы екінші қорғаныс нысаны салынған. Енді соның беріктігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта бұл жерге қосымша техникалар жіберілді. Жаңа ғана тағы бір ақпар түсіп жатыр. Атырау-Индер тас жолының Атырауға кіре беріс тұсы жабылды. Сонымен қатар Атырау-Орал трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылының тұсында қатынас жоқ. Жол жырылған.


Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу