БҚО-да Хан Ордасы ауылына 600 шақырым жол салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да Хан Ордасы ауылына 600 шақырым жол салынады

24.05.2024

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында Хан Ордасы ауылына дейінгі кіреберіс жолды жөндеу басталды. Ал құрылысы 5 жылға созылған республикалық маңызы бар «Өнеге-Бисен-Сайхын-РФ шекарасы» күре жолының күрделі жөнделуі биыл аяқталмақ. Тұңғыштар мекені аталып кеткен Хан ордасы ауылы Оралдан 550 шақырым жерде орналасқан. Онда «Қазақстанның қасиетті, киелі жерлері» тізіміне енген мемлекеттік қорғауға алынған Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени музей-қорығы бар. Бұл жолдың халықтың әлеуметтік жағдайын көтерумен қатар, туризм саласын дамыту үшін де маңызы зор. Жалпы биыл өңірде 600 шақырым жол салынады. Бұл іске қазынадан 114 млрд теңге қаржы жұмсалмақ.

Асылбек Мардан, «Қазавтожол» ҰҚ АҚ облыстық филиалының директоры:

Көптен бері жоспарлаған жөндеу жұмысының сараптама қорытындысы шығып, жоба құны 1,9 млрд теңге болды. Бүгінде мердігер мекеме анықталып, жұмыстарын бастап жатыр. Жоспар бойынша 2024 жылдың аяғына дейін күрделі жөндеу аяқталып, жолдар қолданысқа беріледі.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу