Түркістан облысында жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Қазығұрт ауданының тұрғындары түнгі 12-ден асқанда жүк көліктерінің нөмірін алып тастап, арнайы жарықшамдармен ауыл көшелерінде қатарласып жүрген. Оның ішінде «VOLVO» жүргізушісі авариялық жағдай туғызып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткен. Сондай-ақ, жол белгілері талаптарын сақтамай, өрескел бұзған. Мұны байқап қалған полицейлер кортежді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.
Жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырып, айыппұл салды.
Айнұр Әбілқасымқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында жүк көліктерімен кортеж ұйымдастырғандар жазаланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194212/)