Өзбекстанда жоғары сапалы бензин өндіру қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда жоғары сапалы бензин өндіру қолға алынады

24.05.2024

Өзбекстан АИ-91 және АИ-92 маркалы бензин өндіруді қолға алмақ. Елдегі жанармай шығаратын негізгі кәсіпорынның бірі Бұхара мұнай өңдеу зауыты келесі жылдан бастап АИ-80 бензинін өндіруді мүлдем тоқтатады. Бұл туралы «Өзбекмұнайгаз» компаниясының өкілдері хабарлады. Ол үшін француздық Axens және қытайдың CNPC компанияларымен келісім басталған. Негізгі жобалау жұмыстары қыркүйекке дейін аяқталуы керек. Ал қараша айында АИ-80-нің орнына АИ-91 мен АИ-92 маркалы бензин өндірісін бастау жоспарланған.

Бүгінде Бұхара мұнай өңдеу зауытында өнімнің 85 пайызы АИ-80, қалған 15 пайызы ғана жоғары сапалы бензинді құрайды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында ел президенті Шавкат Мирзиеев 2025 жылдан бастап төмен маркалы бензиннен бас тарту мәселесін жедел шешуді үкіметке тапсырған болатын.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу