Ақтауда коммуналдық мекеме тұрғындарға 34 миллион теңге қайтарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда коммуналдық мекеме тұрғындарға 34 миллион теңге қайтарады

24.05.2024

Ақтауда «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі, тұрғындардан негізсіз төлемдер алып келген.

Маңғыстау облыстық прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексерудің нәтижесінде коммуналдық мекеменің жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлемдерді негізсіз есептегені анықталды. Яғни, олар қызмет көрсетілмеген күндер үшін де халықтан қаражат алып отырған. Құзырлы органның қадағалау актісінен кейін 34 миллион теңге 11 мыңнан астам тұрғынның дербес шотына қайтарылатын болды.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу