Шаруаларға 5 %-бен несие беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруаларға 5 %-бен несие беріле бастады

24.05.2024

Шаруаларға 5 пайызбен несие беріле бастады. «Кең дала - 2 » бағдарламасымен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 400 млрд теңге бөлінген. Фермерлер қарызды «Аграрлық несие корпорациясы» және екінші деңгейлі банктер арқылы ала алады. Бүгінде 600-ден астам өтініш түскен. Шаруалар жалпы сомасы 46,6 млрд теңге қарыз сұраған.

Несие 5 пайызбен 12 айға дейін беріледі. Өтініштер 29 сәуірден бастап қабылданып жатыр.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу