Президент Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады

24.05.2024

Осы сапары аясында Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады. Кездесуде тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтың қазіргі жай-күйі мен дамыту мәселесін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың сенімді диалогқа, берік сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын екенін айтты. Бұдан бөлек тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тео Чи Хинге өзінің «Беласу» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасына қолтаңба берді. Тео Чи Хин, бұл кітапты Қазақстанға жасаған сапарында сатып алып, зор ықыласпен оқып шыққанын жеткізді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу