Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген

24.05.2024

Жасөспірімдерді ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама керек. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды. Өйткені елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген. Әсіресе Түркістан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында жағдай мәз емес. Жиында Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева аталған өңір басшыларына тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.

Отырыста ауылды жерлерде акушерлер мен гинеколог мамандар тапшылығы да айтылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 4 ауылға бір дәрігерден келеді екен. Сондай-ақ, ауылдардарғы медицналық қызмет көрсетудің де сапасы көңіл көншітпейді. Салдарынан елдегі әрбір алтыншы жүкті әйел, түсік жасайды. Тиісінше, бала туу көрсеткіші алдыңғы жылдармен салыстырғанда, біршама төмендеген.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
2021 жылы елімізде соңғы 30 жылда ең жоғарғы туу көрсеткіші тіркеліп, 10 мың тұрғынға шаққанда 23,5 пайызға жетіп дүниеге 440 мыңнан астам сәби келді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2023 жылы дүниеге келген сәби саны төмендеп, босану көрсеткіші 19,5 пайыз болды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу