Ауғанстанда тасқыннан жүздеген адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тасқыннан жүздеген адам қаза тапты

25.05.2024

Ауғанстанда үздіксіз жаңбыр мен алапат су тасқынынан жүздеген адам қаза тапқан. 1500 баспана қирады. Егіс алқаптарына айтарлықтай зақым келген. Тұрғындар малынан айырылды. Табиғи апаттан, әсіресе Фарияб провинциясы қатты зардап шекті. Өңірде жолдар мен көпірлер қираған. Тасқын жайлаған кейбір аудандарға құтқарушылар әлі жете алмай жатыр.


Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу