Президент академик Төрегелді Шармановтың жақындарына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент академик Төрегелді Шармановтың жақындарына көңіл айтты

25.05.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, академик Төрегелді Шармановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Төрегелді Шарманұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі еді. Қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді. Айналасына сыйлы, ғибратты ғұмыр кешкен Төрегелді Шарманұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын» – деп жазылған жеделхатта.


Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу