Мемлекет басшысы Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

25.05.2024

Мемлекет басшысы Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Иордан Хашимит Королінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас иордан халқына құт-береке тіледі.


Хабарламаларға жазылу