Стамбұлдағы 40 мың адамдық Бешікташ стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбұлдағы 40 мың адамдық Бешікташ стадионында Димаш Құдайбергеннің концерті өтті

25.05.2024

Бұл кешке әлемнің 41 елінен өнерпаздың жанкүйерлері жиналды. Концертте Димаш өзінің бұрыннан белгілі хит әндерімен қатар жаңа туындыларды да шырқады. Әсіресе, көрермендер түркиялық белгілі әнші Халюк Левентпен бірге орындаған түрік тіліндегі әнді ерекше қабылдады. Бұдан бөлек, концертте қазақ, ағылшын, қытай және орыс тілдерінде әндер шырқалды. Өзінің отыз жасқа толған мерейтойына орай өткізген «Бейтаныс» атты ән кешіне барлығы жиырма мыңға жуық көрермен жиналды.

Ясимин Ериш, Димаштың жанкүйері:

Біз, Димаштың түркиялық жанкүйерлері, бұл концертті ұзақ күттік. Димашты өте қатты жақсы көреміз. Ол да бізді солай жақсы көретініне сенімдіміз. Димашты түркиялық көрерменге кеңірек таныстыру үшін әлеуметтік желі арқылы бірталай жұмыс атқардық. Бүгін өте жақсы көңіл көтердік, сол үшін де қуаныштымыз.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу