Ербол Шаймерденовтің туғанына 70 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ербол Шаймерденовтің туғанына 70 жыл

25.05.2024

Елордада 4 маусым – рәміздер күніне орай, рәмізтанушы Ербол Шаймерденовтің туғанына 70 жыл толуына орай ғылыми-танымдық конференция өтті.

Ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысқан жиында ғалымның еңбектері баяндалды. Деректі фильм көрсетілді. Ербол Шаймерденов саналы ғұмырын Қазақстан баспасөзі мен мәдениетіне, тіл саласының өркен жаюына арнаған белгілі ақын, публицист.

Қуаныш Жиенбай, жазушы:

Ауыз толтырып айтатын нәрсе – ол біздің мемлекеттік тіліміздің мемлекеттік тіл болып қалыптасуына үлес қосты. Министрлікте Тіл комитетінің төрағасы бола жүріп, осы тілге қатысты сынды да, ел ұнатып-ұнатпайтын мәселелерді де ашық айтқан тұлғалы азамат.


Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу