Экологиялық мәселені шешу үшін 18 жол картасы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық мәселені шешу үшін 18 жол картасы бекітілді

25.05.2024

Елімізде ауаның ластануына негізгі себепші жылу орталықтары мен мұнай және тау-кен секторлары. Экология министрлігі өткен жылдың өзінде зиянды шығарындылардың көлемі 2,5 млн тоннаға жетті дейді. Осы олқылықтың алдын алу үшін «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Алайда бұл мәселенің түбегейлі шешімі емес. Министрлік өзге де ауқымды шараларды қолға алынып жатқанын айтты. Атап айтсақ, өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 18 Жол картасы бекітілді.

Айдар Абдуалиев, ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

Ең ірі 50 өнеркәсіптік кәсіпорын үшін шығарындыларды 20%-ға төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол карталары іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруда. Өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 18 Жол картасы бекітілді. 532 іс-шараның 204-і орындалды.


Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу