Су тасқыны: Солтүстік Қазақстанда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Солтүстік Қазақстанда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр

27.05.2024

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны болған аймақтарда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр. Солардың бірі - Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылы. Елдімекенде 200-ден астам үйді су басқан болатын. Арнайы комиссия бүлінген мүлікті бағалауды аяқтады. Қорытындысы тұрғындарға беріледі.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында да құрғатылған учаскелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараға төтенше жағдай қызметінің мамандары жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, дезинфекция патогендік микробтарды жойып, ауаны тазарту және микроклиматты қалыпқа келтіру үшін қажет.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу