Қазақ жұрты академик Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ жұрты академик Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салды

27.05.2024

Қазақ жұрты мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері - Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салды. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетінде өткен қоштасу рәсіміне марқұмның отбасы, Парламент депутаттары, министрлер, ғалымдар мен медицина саласының өкілдері қатысты. Жиында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу