Түркияның Мерсин облысында ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Мерсин облысында ірі жол апатынан 10 адам қаза тапты

27.05.2024

Түркияның Мерсин облысында 4 көлік соқтығысып, 10 адам оқиға орнында қайтыс болды. 39 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға Тарсус-Адана-Газиантеп автожолында болған. Жолаушылар автобусы, жүк көлігі мен екі жеңіл автомашина соғылған. Жол полициясының хабарлауынша, Диярбақыр қаласынан Стамбұлға бара жатқан жолаушылар автобусы қарсы бетке шығып кеткен. Қазір оқиғаға қатысты іс қозғалып, қайтыс болғандарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ел Президенті Режеп Тайып Ердоған тиісті органдарға апаттың мән-жайын анықтауды тапсырды.

Айдос Әшім


Хабарламаларға жазылу