Арменияда жауыннан өзендер тасып, жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арменияда жауыннан өзендер тасып, жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді

27.05.2024

Армения мен Грузия шекарасында төпелеп жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, ауылдарды су басты. Соңғы мәліметке қарағанда, Арменияда 1 адам қаза тауып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Ал Грузияда 15 елдімекен тасқынның ортасына қалды, деп хабарлайды «Интерпресс» агенттігі. Аймақта автомагистральдар мен теміржол жабылып, екі ел арасында пойыз қатынасы тоқтаған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу