Аида Бауыржанова спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аида Бауыржанова спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

27.05.2024

Аида Бауыржанова спорттық гимнастикадан Ташкентте өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, 26 жастағы отандасымыз Қазақстан тарихындағы бірінші қола жүлдені ел қоржынына салды. Ол еркін жаттығуда 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енген. Филиппин мен Қытай спортшыларына ғана есе жіберді. Алайда, көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады. Айта кеткен жөн, 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Азия чемпионатында, әйелдер сайысы бойынша бұған дейін ел тарихында медаль болмаған.

Надира Юнусова, Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

Олимпиада лицензиясына ұпайымыз сәл ғана жетпей қалды. Бірақ, құрама жақсы ойын көрсетті. Ел тарихындағы тұңғыш жүлдені қоржынға салдық. Осы бізге мотивация береді. Талмай дайындалып, алдағы уақытта құраманы жеңіс тұғырынан көрсету үшін барымызды саламыз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу