Атырау облысында полицейлер тұрғындары түгел эвакуацияланған Талдыкөл ауылын бақылауға алды. 14 тәртіп сақшысы мен 5 патрульдік көлік тәулік бойы күзетте тұр. Мұндағы мақсат – қараусыз қалған үйлер мен нысандарда талан-таражға жол бермеу. Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінің деңгейі төмендегені байқалады. Алайда Атырау қаласындағы гидробекетте су 2 см-ге көтеріліп, 597 см-ге жетті. Қазір жауапты мамандар бөгеттерді қосымша нығайтып, кезекшілікті күшейтті. Өткен апта нөпір су жарып өткен Соколок каналындағы жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын аумаққа 30-ға жуық арнайы техника мен 100-ден астам адам жұмылдырылған.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында полицейлер Талдыкөл ауылын бақылауға алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194293/)