Жамбылда түлектер мінген көлік жол апатына түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда түлектер мінген көлік жол апатына түсті

27.05.2024

Жамбылда мектеп бітіруші мен өзге де жастар отырған көлік жол апатына түсіп, жүргізуші қыз көз жұмды. Қалған үш адам әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлікті басқарған 21 жастағы қыз бала рөлге ие бола алмай қалған. Ол ағасының көлігін айдап кеткен. Жастар Жаңаталап-Ақтоған ауылы бағытында жолға шыққан. Дәрігерлер ауруханадағы науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр. Айта кетейік, аймақта жыл басынан бері 449 жол апаты тіркелген. Салдарынан 51 адам қаза тауып, 700-ге жуық адам жарақат алған.

Құндыз Бөгенбаева, Жамбыл облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

«Тайота камри» маркалы көлігінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқирғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Автокөлік айып тұрағына қойылып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу