АҚШ-тың Арканзас, Техас, Оклахома штаттарында алапат дауыл мен торнадо салдарынан 18 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астамы жараланған. Біраз үй жермен-жексен болып, ағаштар құлап, жолдар жабылды. Автомашиналар аударылып, электр сымдары үзіліп, 3 штатта 200 мыңдай үй жарықсыз қалды. Қазір зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Синоптиктер Миссури, Иллинойс, Кентукки, Теннесси штаттарына да қатты дауыл болатынын хабарлады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та алапат дауыл мен торнадо салдарынан 18 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194296/)