Алматы облысында туристер мінген автобус аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылды

27.05.2024

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылды. Алдын ала ақпарат бойынша, қоғамдық көлік бұрылыста жолдан шығып кеткен. Жол-көлік апаты Кеген мен Еңбекшіқазақ аудандарының шекаралас аумағында болған. Оқиға орнында екі жедел жәрдем бригадасы алғашқы көмек көрсетіп, 10-нан аса адамды ауруханаға апарған. 4 науқастың жағдайы орташа ауыр. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр.


Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу