Шығыс Қазақстанда жол салатын білікті маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жол салатын білікті маман тапшы

27.05.2024

Шығыс Қазақстан облысында жол салатын маман жетіспейді. Қазірдің өзінде мердігер мекемелерде 1000-ға жуық бос орын бар. Ал өңірде биылдан бастап 3 жыл жол жөндеу жылы деп жарияланған. Тек осы жылы облыста 600 шақырым жол жөнделуі керек.
Биыл шығыста жол салу және жөндеу жұмыстары ерте басталды. Негізгі басымдық аудан мен ауыл арасындағы бағыттарға беріледі. Мердігер мекемелерде жол құрылысына қажет материал мен техникасы да дайын. Тек жұмыс істейтін маман табылмай жатыр.

Айдын Нұралдинов, мердігер мекеменің бас инженері:
Жалпы біздің саламызға жолшылар, көпір салушылар жетіспейді мекемемізге келетін болсақ, кәдімгі жол жұмысшысы жетіспейді, трактор тебетін, автогрейдер тебетін механизаторлар жетіспейді.
Маман жетіспеген соң, жол-құрылысының кәсіби қызметкерлері мектептерді аралап, оқу бітіретін түлектерді осы бағыт бойынша оқуға түсуге үгіттеп жүр.

Саяхат Мұсапыров, облыстық «Жол активтері ұлттық сапасы» орталығының бөлім басшысы:
Жоғарғы оқу орнын бітірген соң инженер зертханашы ретінде жұмыс істейді, жаңа технология енгізілгеннен кейін, IT мамандар да қажет, яғни бұл салада да цифрландыру жұмыстары да атқарылуда.
Өскемендегі техникалық университеттің жол құрылысы бойынша қазір 8 студент қана біліп алып жүр. Басты себеп бірнеше жылдан бері бұл мамандық жалпы құрылыс саласының бір тармағы ретінде оқытылды. Тек биыл Көлік министрлігінің бастамасымен, білім бағдарламасы қайта жанданып, мыңға жуық грант бөлінбек.

Айбек Ақаев, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Сәулет-құрылыс және энергетика мектебінің директоры:
Өзгертулер арқасында тек бірінші курсқа ғана 50 стдуент қабылдамақ ойымыз бар. Бұл осы мамандыққа деген қызығушылықты арттырып, осындай мамандарды дайындау бойынша ары қарай бағытты дамытып, терең білім алуға көмектеседі деп ойлаймын.
Жас мамандар диплом алғанға дейін аз дегенде 4-5 жыл керек. Ал жол құрылысы тоқтап тұрмайды. Сондықтан мердігер компаниялар еліміздің басқа өңіріндегі білікті мамандарды шығысқа келіп жоғары еңбекақыға жұмыс істеуге шақырады.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу