Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай-газ саласындағы жұмыс бойынша есеп берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай-газ саласындағы жұмыс бойынша есеп берілді

27.05.2024

«ҚазМұнайГаз» Қызылорда облысы мен Каспий теңізінде жаңа бұрғылау жұмыстарын жүргізбек. Бұл туралы Президент қабылдауында болған компанияның басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасенов айтты. Ол бірінші тоқсан қорытындысы бойынша есеп берді. Жаңаөзенде гибридті электр станциясын және Атырау облысында полиэтилен зауытын салу, Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру барысы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау, мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларға ірі инвесторларды тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ отандық мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігін де айтты.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу