WhatsApp мессенджерінде бейнеқоңырау жасайтын алаяқтар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WhatsApp мессенджерінде бейнеқоңырау жасайтын алаяқтар көбейген

27.05.2024

Әлдекім бейтаныс нөмірден бейнеқоңырау арқылы хабарласса, жауап бермеңіз. Ішкі істер министрлігі ел азаматтарына осылай деп ескерту жасап жатыр. Өйткені WhatsApp мессенджерінде бейнеқоңырау жасайтын алаяқтар көбейіп барады. Сол арқылы олар адамның бет-әлпетін фото-видеоға түсіріп алуға тырысады. Кейін face id арқылы мобильді банкингтің көмегімен ақшаңызды үптеп кетуі мүмкін. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, әзірге мұндай ондаған дерек тіркелген.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу