Ресей Өзбекстанда АЭС салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Өзбекстанда АЭС салады

28.05.2024

Өзбекстанда атом электр стансасы салынады. Ресей президенті Владимир Путиннің Ташкентке сапары аясында тиісті келісімге қол қойылды. Алдағы жазда Жызақ облысында қуаты 330 МВт болатын нысанның құрылысы басталмақ.

Құрылыс жұмыстары «Росатом»-ның жетекшілігімен жүзеге асады. Өзбекстанда энергиялық ресурстарға сұраныс еселеп артып барады. Ал жүйенің тұрақтылығы мен экономиканың дамуы үшін тың энергия көзі қажет.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Президенті:

Сіздің мемлекеттік сапарыңыздың тарихи маңызға ие деп айтуға болады. Бұл біздің елдеріміз арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастардың жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды. 


Хабарламаларға жазылу