Нидерландыдан Қазақстанға құйылған инвестиция 120 миллиард доллардан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландыдан Қазақстанға құйылған инвестиция 120 миллиард доллардан асты

28.05.2024

Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті. Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.

«Нидерландтан елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр», – деді Мемлекет басшысы. Марк Рютте де, екіжақты серіктестік деңгейін жоғары бағалады. «Біз ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика және су ресурстарын басқару салаларындағы идеялар мен әзірлемелерімізді бөлісуге дайынбыз», – деді.


Хабарламаларға жазылу