Утиль алымға қарсы петицияға 50 мың адам қол қойған. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жақында комиссия құрылатынын айтты. Халықтың пікірі ескеріледі, - деді. Ведомство басшысы комиссия мүшелері бірқатар өндіруші зауыттарға баруы мүмкін екенін жеткізді.
Содан кейін комиссия қорытындысы жарияланып, қоғамдық тыңдалым өтпек. Барлық процеске шамамен 40 күндей кетеді, - дейді министр. 24 мамырдан 5 шілдеге дейін қол қойылған петицияға заң аясында жауап беретінін айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Утиль алымға қарсы петицияға 50 мың адам қол қойған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194375/)