Мәскеуде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Сағадат Нұрмағамбетовке арналған көрме ашылды

28.05.2024

Мәскеудің Жеңіс мұражайында халық қаһарманы Сағадат Нұрмағмбетовке арналған көрме ашылды. Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрінің жеке деректері «Жеңіс Жүздері» жалпыхалықтық тарихи депозитарийіне салтанатты түрде енгізілді. Енді кез-келген адам мультимедиялық мәліметтер базасынан батыр туралы ақпараттарды оқып, жеке деректерімен таныса алады. Дәл осы Жеңіс мұражайында батырдың қоладан жасалған бюсты бар.

Нұржанат Мұхамет, Курсант:

Осындай мерекеде атамыздың ерліктерін ұлықтап, ол кісінің ғұмырын ұлықтап, осылай ескерік жатқаны әрқашан көңілге арқау болып отыр. Сонымен қатар, алғы буын офицерлер, артқы буын курсанттар бүгін осындай елеулі 100 жылдығында гүл шоқтары қойылып, ол кісі туралы көптеген ақпараттар айтылып, бүгін тәрбие сағаттары да жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев пен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдығы Америка төрінде де аталып өтті. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Вашингтонда арнайы марафон ұйымдастырды. Қазақтың көк туын желбіреткен марафоншылар екінші дүниежүзілік соғысқа арналған мемориалдан бастап, Линкольн мемориалы, Джордж Вашингтон монументі және Ақ үйдің алдымен жүгіріп өтті. Игі шараға жасөспірімдер мен балалар да қатысты.

Нұрәлі Кенесары:

Сағадат пен Рахымжан аталарымыздың жүз жылдыққа орай марафонға қатысқаныма қуаныштымын. Біздің аталарымыз сияқты қаһарман болайық

Арайлым Айбекова, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты:

Қоғамдық маңызы бар, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне деген үлкен маңызы бар шараға қатысу мен үшін үлкен қуаныш. Сондықтан Ұлы Отан соғысының жалпы ардагерлерін, батыр ата-бабаларымызды ұмытпайық. 

Индира Бегайдар 

Хабарламаларға жазылу