Елордада ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

28.05.2024

Елордада ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Шараға этносаясат, мәдениет және білім беру саласының 50-ден астам маманы қатысты. Қатысушылар білім беру және мәдени құндылықтардың маңыздылығын талқылап, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған антологияның құрылымдық элементтерін ұсынды.

Елдос Жұмағұлов, «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы:

Жалпы мақсат алдында үлкен 2 шара өтті. Ұлттық құрылтай мен сәуірдегі ассамблеяның сессиясы. Сондағы құндылық мәселелерді талқылаймыз. Спикерлер ғылым, тәрбие мәселесін қарайды. Келесі жылы 30 жыл болады ассамблеяға. Соған байланысты антология шығару жоспарда бар. Соның құрылымын, концепциясын талқыламақшы.


Хабарламаларға жазылу