Астанада Амстердам алаңы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Амстердам алаңы ашылды

28.05.2024

Және Нидерланд Премьер-Министрі Марк Рюттенің Қазақстанға жұмыс сапары аясында Астанада Амстердам алаңы ашылды. Шетелдік мейманды қарсы алған Үкімет басшысының орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, аталған алаң екі ел арасындағы достықтың анық дәлелі екенін атап өтті. Марк Рюттен «Бұл күн Қазақстан мен Нидерланд арасындағы берік байланысты айқындап тұр. Ынтымақтастығымыз тек үкіметтік ортада ғана емес, су ресурстарын басқару саласында да бірте-бірте жақсарып келеді. Біз іскерлік әрі ұжымдық жұмысты дамытуға ықпал ететін достық қарым-қатынас орнатқанымызға қуаныштымыз». - деді. Айта кеткен жөн, 2015 жылдың күзінде Нидерландтың ең ірі қалаларының бірі Роттердамда Астана алаңы ашылған.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу