Газада құрбандар саны 36 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газада құрбандар саны 36 мыңнан асты

28.05.2024

Газа секторында қаза тапқан бейбіт палестиналықтардың саны 36 мыңнан асты. Олардың 45-і «босқындар лагері» өртенген кезде мерт болған. Соңғы мәліметке сай, Израиль танкілері - Рафах қаласының орталығына жеткен. Израиль үкіметінің мәліметінше, бұл операцияның мақсаты - хамастықтарды жойып, олар кепілге алған адамдарды құтқару. Алайда, халықаралық қауымдастық бұл әрекетке қарсы. Себебі Рафахқа қашып барған 1 миллион босқын бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу